"МакГрегормен жекпе-жектен үш есе көп". Нурмагомедовтың келесі кездесуінің гонорары айтылды

05 сентября, 11:16
0 1

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың промоушеннің уақытша чемпионы америкалық Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегі үшін гонорары алты миллион долларды құрайды, - деп хабарлайды sports.ru.

Осылайша, ресейлік файтер UFC-дің екі салмқта бұрынғы чемпионы Конор МакГрегорға қарсы жекпе-жегіндегі гонорардан үш есе жоғары алады. Нурмагомедов ол кезде негізгі төлем ретінде екі миллион алған еді.

Нурмагомедов - Порье жекпе-жегі 7 қыркүйек Абу-Дабиде өтетін UFC 242 турнирінде болады. Америкалық соңғы төрт жекпе-жегінде UFC-дің екі бұрынғы (Эдди Альварес пен Энтони Петтисті) және қазіргі чемпионын (Макс Холлоуэй) жеңді.

 kaz.vesti.kz