ММА турнирінде әкесі мен баласы жекпе-жекке шығады

27 июля, 20:52
0 1

Бразилияда өтетін Future MMA 7 аралас жекпе-жегі турнирінде әкесі мен баласы октагонға көтеріледі. Бірақ қос спортшы бір-бірімен айқаспайды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, турнир аясында Диего Брага жекпе-жекке шығады. Сол күні октагонға оның баласы Габриэльде көтерілмек.

Қазіргі уақытта 40 жастағы әкесі 31 рет кездесуге шығып, 22-сін жеңіспен аяқтаған.

Ал 20 жастағы баласы 3 рет октагонға көтеріліп, барлығында қарсыласынан басым түсті.