Галбадрах Отгонцэцэг Загребте Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды

27 июля, 13:36
0 1

Дзюдодан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Галбадрах Отгонцэцэг чемпион атанды деп, - хабарлайды ҰОК ресми сайты.

48 келіге дейінгі салмақта белдескен Қазақстан командасының мүшесі финалға дейін сүрінбей, ақтық айқаста франциялық Мелани Клементті ұтты.

Финалға дейін Галбадрах Австрия (Катарина Танзер) және Қытай (Яо Ксионг) спортшыларынан басым түскен болатын.

 

kaz.vesti.kz