Роналду Instagram арқылы қанша табыс табатынын білесіз бе?

25 июля, 13:08
0 1

"Ювентус" пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду инстаграмда табыс табу жөнінде әлемдегі бірінші спортшы болып танылды деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Рейтингті Hooper HQ жариялады.

Басылымның мәліметінше, 34 жастағы Роналду жарнамалық жазбасы үшін 875 мың еуро алады.

Екінші орынға "ПСЖ" шабуылшысы Неймар жайғасты (648 мың еуро). Үшінші сатыда "Барселона" шабуылшысы Месси (581 мың еуро) тұр.

Толық тізімді осы cілтеме арқылы көруге болады.