Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бразилиялықты нокаутқа жіберді (видео)

29 июня, 21:08
0 1

28 маусымда қазақстандық M-1 Challenge чемпионы Шавкат Рахмонов M-1 Challenge 102 турнирінің басты кездесуінде бразилиялық Тьяго Варежао Ласердуді жеңіп, жартылай орта салмақта атағын қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Кездесу бірінші раундта аяқталды. Осылайша, жеңіліп көрмеген 24 жастағы қазақстандық кәсіби карьерасындағы 12-ші жеңіске қол жеткізді.

Рахмонов барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтап келеді.

Ал 29 жастағы бразилиялық жетінші рет жеңіліп отыр.

Сондай-ақ, оның есебінде 28 жеңіс пен бір тең ойын бар.