ММА файтері қарсыласын 5 секундта нокаутқа түсірді (видео)

24 июня, 09:40
0 1

Оңтүстіккореялық Вон Джун Чой отандасы Хван Ин Суды 5 секундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Sports.ru.

Орта салмақтағы жекпе-жек Road FC 54 турнирінде өткен. Бұл оңтүстіккореялық промоушеннің тарихындағы ең жылдам нокаут.

Негізі, Вон Джун Чой қарсыласын 2 секундта құлатқан, қалған үш секунд уақытты төреші алды - ол Судың жағдайын тексерген соң ғана техникалық нокаут тіркеді.

29 жастағы спортшы ММА-де 4 рет жеңіске жетіп, 3 рет жеңілген. Ал Хван болса карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр.

 

Тengrinews.kz