Қазақстандық файтер қыз UFC-де жұдырықтасу мүмкіндік алды

20 июня, 12:11
0 1

Қазақстан тарихындағы әйелдер арасында ММА-ден алғашқы чемпион Мария Агапова (6-0) UFC басшысы Дана Уайттың шоуына шақырту алды. Оның жеңімпазы әлемдік промоушенмен келісімшартқа отыра алады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы спортшы қыздың өкілі Артем Буланов Facebook желісінде хабарлады. Агапова қазір виза алып қойған. 30 шілде Лас-Вегаста Dana White's Tuesday Night Contender Series кешінің басты жекпе-жектерінің бірінде ол жергілікті файтер, Аризона штатының күрес пен греплингтен чемпионы Трэйси Кортеспен жұдырықтасады. Жеңімпаз UFC-мен эксклюзивті келісімшарт алады.

"АҚШ-қа виза мақұлданды. Бұған командаммен ұзақ уақыт жүрдік. UFC-де өнер көрсететін қазақстандық бірінші қыз болатыныма үміттенемін. Дана Уайт, салам алейкум! Ахмат - күш! Қазақстан алға!", - дейді Агапованың өзі.