«Астана» клубының бұрынғы футболшысы: «шетелдік ойыншылар 60 мың еуро алатын»

20 июня, 08:34
0 1

Қазір ол румыниялық «Астра» клубында ойнайды. «Астананың» бұрынғы ойыншысы Аздрен Лулаку румыниялық басылымға астаналық клубта легионерлердің айлығы қанша екенін, Чемпиондар лигасындағы ойындар үшін алатын сыйақыларының мөлшерін айтып тастады, деп жазады zakon.kz.

«Шетелдік ойыншылар айына шамамен 60 мың евро алатын. Сосын Чемпиондар лигасындағы сыйақылары өте жоғары. 30-40-60 мыңнан береді. Чемпиондар лигасына шыққаны үшін әр ойыншы 100 мың евродан алады, әрбір жеңіс үшін әр ойыншыға 15 мыңнан береді», - деп атап өтті 31 жастағы Лулаку.

Ал Лулакудың өзі 2016 жылдың желтоқсанында «Астанамен» айына 40 мың евролық жалақымен екі жылдық келісімшарт жасасқан. Алайда команданың ойын концепциясына кіріге алмай, 17 ойында жалғыз ғана гол соқты. Нәтижесінде 2017 жылдың шілдесінен 31 желтоқсанға дейін «Тобылға» жалға кетті. Бірақ Қостанайда да дұрыс өнер көрсетпей, 13 ойынның ешқайсысында доп соға алмады. Маусым аяқталған соң албаниялық легионер Қазақстаннан кетіп қалған. Қазір ол румыниялық «Астра» клубында ойнайды.

«Астана» биылғы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның ЧФР клубымен кездеседі.