Хабиб Нурмагомедовтың титулына келесі үміткердің есімі аталды

17 июня, 14:05
0 1

UFC президенті Дана Уайт жеңіл салмақта ұйым чемпиондығына келесі үміткер кім болатынын айтты.

Қазіргі кезде чемпиондық белбеу Хабиб Нурмагомедовте, 7 қыркүйекте ресейлік Аду-Дабиде Дастин Порьемен жұдырықтасады.

"Хабиб пен Порьенің Абу-Дабидегі жекпе-жегін күту керек, содан кейін келесі қарсылас кім болатыны шешеміз. Тони Фергюсон тамаша жекпе-жек көрсетіп, Серронені жеңді, титулға келесі кезекте сол шығар.

МакГрегор? Не боларын көреміз, ол қайтып келсе. Конор тым бай, ал байларды жұдырықтастыру қиын", - деп келтіреді Уайттың сөзін MMA News.

Фергюсонның өзі чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасу мүмкіндігін бірнеше рет сұраған. Алайда әйелінің отбасындағы зорлық-зомбылық туралы мәлімдемесінен кейін файтер үзіліс алу керек болды.  

kaz.vesti.kz