Динара Сәдуақасова Азияның үздік шахматшысы атанды

16 июня, 16:02
0 1

Қазақ қызы 36 шахматшыны басып озып, Әлем кубогының іріктеуінен өтті. Қазақ шахматшысы Динара Сәдуақасова Азия чемпионаты кубогын жеңіп алып, құрылықтың үздік шахматшысы атанды.

Біріншілік Қытайдың Синтай қаласында 6-16 маусым аралығында өткен.

Динара 15 елден келген 36 қарсыласын басып озып, 9 ұпайдың 7,5-ін еншіледі, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

"Динараны жеңісімен құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен жаңа белестерге жетелейтін шабыт тілейміз", - деп федерация 23 жастағы спортшыны құттықтады.