Үш дүркін олимпиада чемпионы 12 жасар қызды зорлаған

09 ноября, 18:26
0 1

Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Феликс Савон Кубада 12 жасар қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы gazeta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Boxen1.com дереккөзінің мәліметінше, 51 жастағы спортшы 30 қыркүйектен бері қамауда отыр. Алайда басшылық оның қылмысы туралы ақпарат таратуға асықпайды.

Савон осыған дейін де ұқсас қылмыспен көзге түскен екен. Алайда жазадан оңай құтылып кеткен көрінеді.
Айта кетейік, Феликс Савон - Барселона, Атланта және Сиднейде өткен олимпиада ойындарында үш рет алтын медаль жеңіп алған болатын.