Күйеуі кепілге алған оралдық келіншек оқиғаның мән-жайын айтты

01 декабря, 11:54
0 1

Орал қаласындағы нотариустардың бірінде күйеуі кепілге алған Ираида Исламғалиева оқиғаның мән-жайын "Орал апталығы" басылымына айтып берді. Ираида Исламғалиеваның сөзінше, оның бетінде және қолында әлі күнге дейін көгерген соққының іздері бар. Оның мойнында күйеуі өлтірмек болып салған пышақтың ізі қалған.
"Біз 29 тамызда тіркелдік, ал зорлық-зомбылық 1 қыркүйектен басталды. Үйлену тойынан кейін. Ол шын мәнінде қандай екенін көрсетті және ол екі жыл бойы жалғасып келеді. Мен екі жылдан бері ажырасуға тырыстым, бірақ нәтижесіз. Ол мені, менің өмірімді бақылауында ұстап жүр. Ол екі жыл бойы менің балаларымды өлтіремін деп қорқытып, ұстап келді. Және бұл бір рет емес, күн сайын еді. Мен балаларымның бетіне қарай алмай қалдым. Ол менің ата-анама шабуыл жасауға тырысты. Міне, осының бәрін айтып, мен шағымданбақ болдым ғой" - дейді ол. Жәбірленушінің айтуынша, оның күйеуі есеппен жүретін, алды-артын ойластыратын, мұқият адам болған. Адамдар арасында ол мүлдем басқа екен. "Оның әріптестері, көршілеріміз, таныстарымыз, егер сіз ол туралы сұрасаңыз, бәрі керемет адам дейді. Бөтен адамдармен ол сыпайы, сүйкімді болуы мүмкін. Ал үйде ол, тіпті менің мектепте оқитын кіші ұлыма көңіл бөлуге тыйым салды. Ұлыма көңіл бөлгенімді білсе, ол оны өлтіремін деп қорқытты. Бұл туралы көршілерімізге айтыңыз - мүлдем сенбейді", - дейді Ираида.
Ираида Исламғалиева күйеуінің мінезін қандай екенін және оның қандай жоспары болғанын айтып берді. "Мен шынымен де ешқайда бара алмадым. Барлығы менен сұрайды: "Неге бұл жағдайды создыңыз?". Мен созбадым. Мен екі жыл бойы ажырасамын деп айқайлаумен келдім. Ол безбүйрек, ол кісі өлтіруші. Мені ешкім естімеді. Бәрі айтады. Бұл сезім, ол соншалықты сені жақсы көреді, деп. Бірақ бұл сезім емес, қорлау. Бұл жазасыздық. 28 қарашада болған нәрсе-бұл екі жыл бойы оны ешкім тоқтата алмағандықтан. Менде соттың шығарған бірнеше қорғаныс нұсқамалары болды, ол оған күліп қарайтын", - дейді ол. Айтуынша, оның күйеуі уччаскелік плицейлерді де тыңдамаған көрінеді. "Учаскелік полицей қолынан келгенін істеді. Ол келді. Ерланды тауып алып, қол да қойдырды. Бірақ ол тоқтаған жоқ. Мен тіпті, "КМС" күзетін де жалдадым. Олар менімен барлық жерде жүрді. Білесіз бе, 23 әлде 24-і ме, есімде жоқ, ол оларға келіп: "Жігіттер оны күзетпеңіздер. Сіздер оған бәрібір көмектесе алмайсыздар. Бұл пайдасыз" деген. Және ол не туралы айтып тұрғанын білген. Өйткені 28-і күні ол кеңсеге кіріп, жасағысы келгеннің бәрін жасады", - дейді жәбірленуші. Ираиданың сөзінше, ол тұрмысқа шығар алдында тек бір нәрседен күдіктенген. "Сол кезде мені бір жағдай қауіптендірді - біз жарты жыл таныс болдық және осы жарты жыл бойына ол мені АХАЖ-ға барып, тіркелуге көндірумен болды. Мен бас тартумен болдым. Менің екі балам бар, тіпті той жайлы ойлауға мүмкін болмады. Міне, осындай әңгіме кезінде ол еңіреп жылады. Бар дауысымен.Қатты жылады. Ол шарасыздықтан жылады. Ол менің алдымда тізерлеп тұрып, еңіреп жылады. Сол кезде менің күдіктеніп,қарым-қатынасты тоқтауым керек еді. Ол сол кезде жылап тұрып,маған ешкім керек емес, сенің қолыңда өлем деген еді. Мен сол кезде оның қандай адам екенін білмеппін. Содан кейін менің ұлым университетке түсті, сол кезеңде менде жақсы көңіл-күй болды.. шілде айының соңында біз АХАЖ-ға барып, өтініш бердік. Және 29 тамызда біз тіркелдік, ал 1-ші қыркүйекте ол бірінші рет мені пәтерге қамап кетті. Төрт күн бойы мені шығарған жоқ. Ол мені ұзақ уақыт тұрмысқа шығуымды сұрағанын еске алды,менің бірнеше рет бас тартқанымды. Жалпы, бұл мүлдем басқа, маған бейтаныс адам болды", - дейді Ираида Исламғалиева. Оралда бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам қамауға алынды Айта кетейік, 41 жастағы Ерлан Ислямғалиев бұрынғы әйелі Ирада Ислямғалиеваны кепілге алған. Оның қолында пышақ және жарылғыш затқа ұқсас бірдеңе болған. Кейінірек оның жай ғана ойыншық екені анықталды, ол оны аңшылық дүкеннен сатып алғаны белгілі болды. Ерлан Ислямғалиев бұрынғы әйелі істейтін нотариус кеңсесін іштен жауып алған. Кеңсе бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан. Ол есікті жиһаз бен сейфпен бұғаттаған. Қаскөймен келіссөздер бірнеше сағатқа созылған. Полицейлер онымен терезе арқылы сөйлесті.