Төле бимен бетін ауыстырған қыз желі қолданушыларының наразылығын туғызды

08 ноября, 12:56
0 1

Қазақстандық бойжеткенмобильді қосымшаның көмегімен қазақтың ұлы тарихи тұлғасы Төле бимен келбеті мен өзінің түрін ауыстырып, желі қолданушыларының ашуын туғызды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төле бимен бетін ауыстырған қыз желі қолданушылардың наразылығын туғызды

Би мен қыздың беті ауысқан фотосуреті жақында ғана тараған. Қыз Төле бидің суретінің алдына тұрып алып фотоға түсіпті. 

Бұл сурет әлеуметтік желідегі топтардың бірінде жарияланыпты. Пост авторның қыздың бұл қылығына қатты наразы болып, жазба қалдырған. 

«Қазіргі жастар жаппай деградацияға ұшырауда», - депті автор.

Интернет қолданушылары да автормен келісіп, қыздың ұлы бидің бейнесін мазаққа айналдырғанына біраз ашулы жазбалар жазыпты. 

 

Біреулер мұнда тұрған ешнәрсе жоқ екенін айтып, жай ғана күліп өтіпті.