Елордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

05 ноября, 17:31
0 1

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ертең астанада тұман түсіп, көктайғақ болады. Осыған байланысты қалада ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті сақтық шараларын елорда тұрғындары мен қонақтарының есіне салады.

Атап айтқанда, құлау ықтималдығын азайту үшін көктайғақ кезінде мынадай ережелерді ұстануға шақырады:

- биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, табаны сырғанамайтын аяқ киімді таңдаңыз;

- жолдың жүру бөлігінде өте сақ болыңыз, асықпаңыз және жүгірмеңіз;

- көлбеу жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;

- қолыңыз мүмкіндігінше бос болуы керек, ауыр сөмке көтермеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз

- бұл құлау мүмкіндігін арттырады;

- қарт адамдарға резеңке ұшы бар немесе арнайы ұшты таяқ қолдануға кеңес береміз;

- аяқ астыңызға қарап, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.

«Есіңізде болсын, әсіресе, арқамен шалқалап құлау қауіпті, себебі бас жерге соғылып, ми шайқалуы мүмкін. Жарақат алған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз» делінген хабарламада.

Тұман кезінде:

- жүргізушілер көлікті күрт тежеуден аулақ болуы керек. Егер де жолға шығуға тура келсе, тұман аймағында жылдамдықты айтарлықтай төмендету қажет, ал егер жолдағы көріну екі метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтату ұсынылады. Сондай-ақ міндетті түрде габариттік жарықты қосу және түрлі маневрлер, атап айтқанда басып озулардан аулақ болу;

- жаяу жүргіншілерге жолды белгіленген жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде ғана өту ұсынылады;

- сақ болу, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалау;

- құрылыс объектілеріне қолайсыз ауа райы жағдайы әсерінен аумақтарды және тұрғындарды қорғау, құрылыс алаңдарында мүмкіндігінше құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуді шектеу бойынша қосымша шараларды қабылдау қажет.

«Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне қоңырау шалыңыз» дейді ТЖД баспасөз қызметі.