Семейде суицидке үгіттеген 63 сайт бұғатталды

07 октября, 22:42
0 1

Семейде жыл басынан бері 87 адам өз-өзіне қол жұмсап, оның 16-сы бақилық болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында кәмелет жасына толмаған екі бала бар.

Суицидті болдырмау үшін тұрғындар мен тұрмысы нашар отбасылар және білім беру мекемелері арасында алдын алу шаралары өткізіліп келеді. Дағдарыс орталықтары, түрлі ұйымдардың жұмысы тұрақты жолға қойылған. Сондай-ақ сенім телефоны бар. Интернет ресурстары да бақылауға алынған.

Айта кетерлігі, тек Семейдің өзінде құқық қорғау органдары әлеуметтік желілерде суицидті үгіттеген 63 сайтты жапты. Ал өз-өзіне қол салғысы келетіндер көбіне қаладағы аспалы көпірге келетін көрінеді. Өткен жазда мұнда 18 жастағы бір бойжеткенді әскери маман құтқарып қалғаны елдің есінде.