Жамбыл облысында жыл басынан бері 155 адам суицидтен көз жұмған

07 октября, 22:17
0 1

Өз-өзіне қол салатындар Жамбыл облысында да көбейіп тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл басынан бері өңірде 155 адам суицидтен көз жұмған. Оның 9-ы бұғанасы қатпаған бала. Облыстық білім басқармасы берген мәліметке сәйкес қайғылы оқиғалар Шу, Сарысу, Жамбыл аудандарында тіркелген. Сонымен қатар үш колледж студенті бар.

Мамандардың айтуынша, мұндай қадамға көбінесе 15 пен 17 жас аралығындағы жеткіншектер барады. Соңғы үш жылда 26 жеткіншек осындай жолмен бақилық болыпты.

Гүлзира Дәрібаева, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Оның себептерін анықтаған кезде ішкі істер органдары тарапынан қызметкерлердің құжаттарына сүйене отырып, 80%-і белгісіз болып танылды. Ал енді қалған 20%-і қайда деген кезде, ол ата-анасына, ақшаға байланысты реніш болғанын айтады. Бір жағдайда жасөсіпірім қыз өзінің жақсы көретін адаммен ренжіскенін айтып, соған негізі жасап отырғандығын байқатты.