Елімізде жүргізуші куәлігі өзгеруі мүмкін

07 октября, 11:54
0 1

Жүргізушілер куәлігі мен техника құжаты жаңа дизайнда шығуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі "Ашық НҚА" порталында осындай өзгерістер жобасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізуші куәлігінің түсін өзгерту ұсынылған, ол ашық күлгін болады. Ақпарат сақталатын микросхема артқы бөлігіне ауысады. Сондай-ақ, техника құжатында штрихкод пайда болады.

ІІМ жүргізуші куәлігі мен көлік құралдарын тіркеу туралы куәлікті даярлауға сапалы әрі технологиялық өнімді пайдалануға уәді берді.