Мал ұрлығы ауыр қылмыстар санатына енгізілді – Бас прокуратура

11 сентября, 16:58
0 1

Мал ұрлағандар зардап шегушімен татуласу арқылы немесе зардаптың орнын толтыру арқылы жазадан жалтару мүмкіндігінен айырылады.

Себебі ауыр қылмыстар үшін жазаны қатаңдату мақсатында жасалған жаңа заң жобасына сәйкес, мал ұрлығы ауыр қылмыстар санатына енгізілді.

«Мал ұрлау кәсіп болуға айналып бара жатыр. Ол ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалады. Оған шығарып беретін, тасымалдайтын, соятын, жалған құжаттар алып беретін азаматтар бар. Тікелей сыбайлас жемқорлыққа да жол береді. Сондықтан ауыр қылмыс санатына жатқыздық», – деді ҚР бас прокурорының орынбасары Мұрат Ахметжанов ОКҚ баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар браконьерлік жасағандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

24.kz