Құбан айт қарсаңында Тоқаев сотталған екі азаматқа рақымшылық жасады

10 августа, 12:34
0 1

 Құрбан айт мерекесінің алдында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сотталған екі азамат Ярослав Голышкин мен Ерлан Балтабайға рақымшылық жасады. Соттың бас бостандығынан айыру үкімі айыппұлмен алмастырылған. Бұл ақпарат танымал қазақстандық сарапшы әрі экономикалық шолушы Денис Кривошеевтің facebook.com парақшасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кривошеевтің сөзінше, журналист пен қоғам қоғам қайраткері өкініш білдіріп, президентке жүгінген.

"Ярослав Голышкин боспалау, адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы ірі көлемде жымқыру бойынша 8 жылға сотталған. Ол өкініш білдіріп және кінәсын толық мойындап, президент кешірім беріп, рақымшылық жасауды сұрап, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінген болатын", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар рақымшылық жасауды иемдену және өзгенің мүлкін ысырап етті деген айыппын 7 жылға бас бостандығынан айырылған Ерлан Балтабай сұраған болатын.

Ол да өз кінәсын мойындап, келтірілген шығынды өтеуге дайын екенін айтқан.

 

KAZ.NUR.KZ.