Арыста ескі мал қорымдары табылды: аурудың таралу қаупі бар ма?

16 июля, 22:04
0 1

Арыстағы жарылыстың зардабын жою кезінде 1960 жылы салынған мал қорымы табылды. Арыстағы жарылыстан соң, алғашқы күні екі мал қорымында дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Аурудың таралу қаупі жоқ. Бұл туралы 29219 әскери бөлімі ветеринарлық емдеу-профилактикалық зертхана бөлімінің басшысы Есназар Бегімбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, дезинфекция жұмыстарын Арыстағы жойқын жарылыстың зардабын жою аясында жылжымалы зертханада арнайы топ жүргізіпті.

"Бұл мал қорымдары 1960 жылдары пайдалануға берілген. Арнайы топ өкілдері аумақты қарап шықты. Кейін мол қорымына дезинфекция жұмыстарын жүргізді. Аурудың таралу және жұғу қаупі жоқ", - деді Бегімбетов.

Сондай-ақ мал қорымына жақын аумақтың флорасы мен фаунасы қалыпты деңгейде екенін жеткізді.

Арыстағы жарылыс
Айта кетейік, Арыс қаласындағы жарылыстан 3 адам: екі әскери қызметкер мен жергілікті тұрғын қаза тапты. Осы оқиғадан соң, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялаған.


Арыс қаласы Шымкентен 85 шақырым, ал Түркістаннан 168 шақырым қашықтықта орналасқан.