Елімізде бір аптада 61 адам суға кетті

15 июля, 22:09
0 1

Өткен аптада ел аумағында 61 адам суға батты. Оның 22-сі бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы журналистермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек сенбі және жексенбі күндері ғана Қазақстан бойынша 22 адам судан ажал құшқан.

Владимир Беккердің айтуынша, Комитеттің қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша жүргізген жұмысы нәтиже бермей отыр. Тұрғындар қауіпсіздік шараларына селқос қарайды.

«Қайғылы оқиғалардың басты себебі осы», дейді Беккер. Адамдар рұқсат етілмеген орындарда шомылып, баланы қараусыз қалдырған деректер көп.

Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

- Ақмола облысында 11 адам қаза тапқан. Оның үшеуі бала. Алматы, Атырау, Павлодар өңірлерінде 3 баладан суға батып кеткен. Павлодарда бір үйдің екі баласы бір уақытта мерт болды. Мамандардың айтуынша, ыстық күн райы шілденің соңына дейін сақталады. Яғни, жағажайларда адам қарасы әлі де азая қоймайды. Сондықтан азаматтардан шомылу кезінде қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауды сұраймын. Ал ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауды өтінгім келеді.