Жамбыл облысында жас жұбайлар мейрамханаға тікұшақпен келді (видео)

15 июля, 13:22
0 1

Жамбыл облысында елден ерекшеленбек болған жас жұбайлар үйлену тойына тікұшақпен ұшып келіп, көпшілікті таңғалдарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Басылым оқырманы редакцияға мейрамхананың алдына келіп қонған тікұшақтың видеосын жіберген. Әуе кемесі жерге қонған соң, оның ішінен күйеу жігіт пен қалындықтың шығып жатқанын көруге болады.

Той қонақтары жас жұбайларды далада мейрамхананың кіреберісінде күтіп тұрған.

Видеоның Жамбыл облысындағы Шу ауданында түсірілгені айтылды.

"Жамбыл облысындағы Шу ауданында өткен кәсіпкердің ұлының тойы. Вертолет кортежі" , - деп жазылған видеоның астында.