Арыста табиғи жолмен өсіп және пісіп тұрған снаряд әлі бар – Талғат Қатауов

13 июля, 18:07
0 1

Ол Арыстағы бір ұшы жер бетіне шығып тұрған снарядтарды көргенін айтып, бұл проблемадан дереу құтылу керек екенін жеткізді.  Арыста табиғи жолмен өсіп және пісіп тұрған снаряд әлі бар. Тәуелсіз кәсіподақ ұйымының төрағасы Талғат Қатауов ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың мәлімдемесіне осылай деп жауап берді, деп жазады SN.kz ақпарат порталы.

Ол Арыстағы бір ұшы жер бетіне шығып тұрған снарядтарды көргенін айтып, бұл проблемадан дереу құтылу керек екенін жеткізді.

«Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев Арыс қаласындағы жойқын жарылысты табиғи апат салдарынан болды деп қуып еді. Қорғаныс министрі мүмкін Арыста табиғи жолмен өсіп тұрған мына снарядқа қарап, жарылыс табиғи апат деген шығар.

Сонда деймін-ау, елдің қорғаныс және әскери саласын басқарып отырған білдей министр Н.Ермекбаев табиғат апат (жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні, қатты жел т.б.) пен адамның жауапсыздығынан, салғырттығынан болатын техногендік апатты айыра алмағаны ма? Әлде ең болмаса мектепте оқымады ма екен?

Министр мырза, сіз айтқандай Арыстағы табиғи апатқа 15 күн болса да Арыс маңындағы далада мынадай снарядтар әлі өсіп және пісіп тұрғанын өз көзіммен көрдім.

Тағыда табиғи апат болып жүрер, сол себепті тамырымен жұлып тастатыңыз!», – деді ол Facrbook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.