Алматыдағы төбелес: Самокат жүргізген ер азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

10 июля, 15:08
0 1

Кеше Алматыда самокат жүргізген азамат пен қоғамдық көлік жүргізушісі арасындағы төбелес әлеуметтік желіге тараған болатын. Бүгін сол самакот иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмалы ауданының полиция басқармасы ҚР ҚК 293-бабы, яғни бұзақылық әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында сараптамалық зерттеулер жүзеге асырылады, оның нәтижиесі бойынша қорытынды процедуралық шешім шығарылады.

Сондай-ақ, самакот жүргізушісі қызыл жанған бағдаршамға қарамастан, жолдың арғы бетіне өтіп кеткен. Камераға түсіп қалған бейнематериал полиция қолында.

Бұл факт жеке іс бойынша қаралады.

Әкімшілік заңнамаға сәйкес шара қабылданатын болады.