Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз митинг ұйымдастырылды: Қатысушылардан қару табылды

07 июля, 11:22
0 1

6 шілде мереке күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингтер өткізуге әрекет жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтіме жасап.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда заңсыз митинг ұйымдастырылды: Қатысушылардан қару табылды

Прокуратура тарапынан қайталанған ескертулерге қарамастан, кейбір азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық әрекетіне көнді. Олардың кейбіреулері азаматтардың тыныштық пен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы заңсыз әрекеттер жасай бастады.

Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзуды болдырмау үшін заңмен қарастырылған шаралар қабылдады.

Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция қызметкерлеріне жеткізілді. Жекелеген адамдардан түтіндету құтысы мен травматикалық қарулары алынды.

Құқық бұзушыларды ұстау мүмкіндігін барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар пайдаланылмады.