НАРАЗЫЛЫҚ БІЛДІРУШІЛЕР ӘКІМНІҢ ШАШЫН КЕСІП, ҮСТІНЕ БОЯУ ТӨККЕН

08 ноября, 22:28
0 1

Боливияда наразылық білдірушілер шеру барысында Винто қаласының әкіміне шабуыл жасап, үстіне бояу төгіп, шашын кесіп тастаған. Оған қоса әкімшілік мекемені өртеп жіберген.

Наразылық білдірушілер үш манифестант өлтірілді дегеннен кейін әкімшілік мекемеге шабуыл жасаған. Әкім келіншекке қызметінен кету туралы өтінішке қол қойдыртқан. Әкім ауруханаға жеткізілген. Қазір оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Дереккөз: Вести.

reactor.inform.kz