Ресейлік журналист Кеңес Рақышевтен ірі көлемде ақша бопсалаған деп айыпталуда

08 ноября, 16:38
0 1

Қазіргі уақытта жала жабу мен ақша бопсалау бойынша күдікке ілінген ресейлік журналист Александр Шваревті сырттай қамауға алу мүмкіндігі қарастырылып жатыр деп хабарлайды Росбалт-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның ақпарынша, олардың журналисі олигарх Алишер Усманов туралы жалған ақпаратты алдын ала жариялады деп күдіктелуде.

Бұдан бөлек, ол қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышевтен ірі көлемде ақша бопсалаған деп айыпталуда.

Тергеу нұсқасы бойынша, Росбалт тілшісі кәсіпкерден 50 мың АҚШ долларын бопсалаған.

Басылымның бас редакторы Николай Ульяновтың айтуынша, журналист бизнесмен Алишер Усманов пен оның серіктесі миллиардер Андрей Скочтың абыройларына нұқсан келтіруді көздеген.

Алайда, Ульянов құқық қорғаушылардың Александр Шваревті күдікті ретінде қарастырып жатқанын түсінбейтінін, себебі, басында ол аталған іс бойынша куәгер ретінде танылғанын айтады.