9 жастағы балаға бес адамды өлтірді деген айып тағылды

09 октября, 17:18
0 1

АҚШ-тың Иллинойс қаласының 9 жастағы тұрғыны бес адамның өліміне және екі рет өрт қойды деген айып тағылды, - деп хабарлайды Peoria Journal Star журналы штат прокуроры Грег Мингерге сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 6 сәуірде көшпелі үйде от қойған. Бес адам қаза тапқан оның ішінде үшеуі бала. Екі адам аман қалған.

Өрт кешкі 11-де басталған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен уақытта, үй толықтай өртеніп жатқан.

"Бұл қайғылы жағдай, бірақ ең жас адамға ауыр кінә тағылып отыр", - деді прокурор. Егер баланы соттайтын болса, ол бес жыл бас бостандығынан айырылады.

 Тengrinews.kz