Стадионға кіре алмаған келіншек өзін-өзі өртеп жіберді

11 сентября, 14:03
0 1

Тегеранда 29 жастағы Сахар Ходаяри стадионға кіре алмағаннан кейін өзін-өзі жағып жіберген. Оны стадионға жібермей, қоғам алдында хиджабсыз шыққаны үшін айыптап, сот тағайындаған.

Сот Тегеранда өткен аптада болған. Бірақ іс кейінге қалдырылған. Келіншек өз-өзіне бензин құйып, жағып жіберген. Дүйсенбі күні көз жұмған.

Иранда әйелдерге спорттық стадиондарға баруға 1979 жылғы ислам революциясынан кейін тыйым салынған.

 reactor