«Төсі үлкен, ерні үрпиген болсын»: Анасы 14 жастағы қызының жамбасын үлкейту үшін оған ота жасатпақ

11 августа, 15:43
0 1

Қызын ақымақ деп санаған анасы, пластикалық ота арқылы оны мінсіз сұлу жасамақ. Ернін, төсін үлкейтсе, нағыз сұлу болады дейді ол. Сол үшін британдық модель қызына пластикалық ота жасату үшін ақша жинап жатыр, деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі.

модель

37 жастағы Карла Белуччи қызы Танишаны ақмақ санайды. Өмірде оның жетістікке жететініне сенбейді екен. 

«Ол жақса өмір сүруі үшін, ол мінсіз сұлу болу керек», – дейді модель Closer журналына берген сұхбатында.

Әйел ай сайын қызына жасанды шаш жасатуға, маникюр, қас бояуына кәдімгідей ақша жұмсайды екен. Айтуынша, қызына Кардашьянның фигурасы ұнайды. Ол қызы 16 жасқа келгенде оған Кардашьяндікіндей үлкен жамбас, ерін, төс жасатқызуды жоспарлап отыр.

 

«Егер бөл өмірде жетістікке жеткің келсе, әдемі болу керек. Таниша өзі былай да әдемі қыз. Бірақ пластикалық отадан кейін одан ары сұлу болады деп ойлаймын», – дейді қыздың анасы.