Аллергияға қарсы май ойлап тапқан тәжік әйелі екі бірдей алтын жүлде алды

10 июля, 12:06
0 1

Тәжікстандық зерттеуші Мавлуда Давлатмамадова Зияткерлік меншік жөніндегі дүниежүзілік ұйымның және өнертапқыш әйелдерге арналған KIWIE 2019 халықаралық форумынан екі бірдей алтын жүлдені алды. Ол аллергияға арналған жақпа май ойлап тапқан.

33 жастағы Мавлуда Давлатмамадова – техникалық ғылымның кандидаты, денсаулық сақтау министрлігі жанындағы фармацевтикалық ғылыми-зерттеу орталығының хатшысы. Ол шөптерден аллергияға қарсы жақпа май ойлап тапқан.

"Ишкашим тауындағы тальк минералынан балаларға арналған ұнтақ сеппесін әзірледім. Сосын оған итошаған мен Rhodiola kirilowii шөптерін араластырып, этиль спиртін құйдым. Нәтижесінде аллергияға қарсы жақпа май пайда болды", - дейді Мавлуда Давлатмамадова Азаттыққа берген сұқбатында.

Маусым айының соңында Сеулде KIWIE 2019 өнертапқыш әйелдерге арналған 12-халықаралық көрме өткен. Бұл көрмеде Тәжікстаннан барған сегіз әйел алтын, күміс және қола жүлделер алды.

2012 жылдан бері 15 тәжік әйелі түрлі зияткерлік меншік байқауларында жеңіске жеткен.

 centralasian.org