Нью-Йоркте тікұшақ биік ғимараттың 54-ші қабатына соғылды (видео)

12 июня, 16:56
0 1

Нью-Йоркте тікұшақ кеңсе ғимаратының 54-ші қабатына келіп соғылды. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапқан деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Нью-Йорк өрт сөндіру басқармасының қызметкерлері жетінші авеню, 787 мекенжайы бойынша келді. Тікұшақтың қатты қонуы", - деп жазылған Twitter-де.

CBS арнасының хабарлауынша, төтенше жағдай кезінде бір адам көз жұмған.

Ғимарттан жүздеген адам эвакуацияланды. Оқиға орнындағы өрт сөндірілді.