Баладан жануарды жоғары қоятынын айтқан сән әлемінің сұлуы сөз естіді

12 июня, 12:24
0 1

Ұшақта бірге отырған баланың айқайынан мезі болған 24 жастағы сәнқой бұл туралы Instagram парақшасында жазба қалдырған. Жылаған баладан жануардың артық екенін айтқан бойжеткен үлкен адуға ілікті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Индонезиялық Анжела Панари жылауық баламен ұшақта бірге отырағанын Instagram парақшасында жазған.

"Мен салонға балаларды емес, жануарларды алып кіруге болады дегенге келісер едім", - деп жазды ол.

Дегенмен, бойжеткен қателік жасағанын лезде түсініп, өз сөзі жазылған видеоны өшіріп тастаған.

Алайда 2 млн-ға жуық оқырман оның жазбасын көріп үлгеріпті. Олар Анжеланың өз сөзін қайтарып алып, баршадан кешірім сұрауын талап еткен.

"Мен сезімге беріліп, жасаған қателегім үшін кешірім сұраймын. Ашуға булығып, осы видеоны жариялаған едім. Өзімді енді олай ұстамаймын. Бұл жайт мен үшін үлкен сабақ болды", - деп жазды ару.