Қазақстан тумасы Ресейде үш әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды

12 октября, 14:34
0 1

Ресейдің Липеца облысында 41 жастағы Қазақстан тумасы үш әйелді зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Aif.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Айыпталушы ағымдағы жылдың тамыз-қырүйек айларында адам аз жүретін жерлерде әйелдерді ұстап, өлтіремін деп қорқытып, зорлап кетіп жүрген. Ол өзінің арам пиғылын қараңғы түскенде жүзеге асырып отырған. Кейінірек жәбірленушілер полицияға арызданып, күдікті көп ұзамай қолға түскен.

Әрбір іс бойынша жеке қылмыстық іс ашқан тергеушілер жәбірленушілерге генетикалық сараптама жасап, барлығын бір адамның зорлағанын анықтаған.

Құқық қорғау органдарының қолында бұлтартпас айғақ барына қарамастан, азамат өзінің қылмысын мойындамай отыр. Енді оның қандай жазаға тартылатыны сот отырысында белгілі болады.