Жағалаудан адамға ұқсас теңіз құбыжығы табылды (видео)

12 июля, 15:09
0 1

Қытайда жағалау аймағының тұрғындары адамға ұқсас теңіз құбыжын анықтады. Су оны жағаға лақтырып жіберіпті. Қорқып қалған адамдар оған тіпті жақындап та көрмеген деп хабарлайды Oxu.Az-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қызық көрген ер адам құбыжықпен суретке түскісі келіп, жақындап, белгісіз затты көтерген. Сол кезде ол денесін қозғалта бастапты.

Осы видео желіде тарап кетті. Автордың сөзінше, оның түрі адамға ұқсайды және оның аяқ пен қолға ұқсайтын мүшелері бар екен.

Интернет қолданушылары көрген дүниелеріне аң-таң болып қалды. Олар теңіз жәндіктерінің бірі шығар деп ойлап жатыр екен.