Беймәлім азғын базар маңында 10 жасар қызды зорлап кеткен

11 июля, 19:36
0 1

Қырғызстанның Шу ауданындағы Соқұлық ауылында 10 жасар қызды зорлап кеткен, деп хабарлады Шу облысының ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

Басқарманың хабарлауынша, оқиға 10 шілдеде жергілікті базардың жанында шамамен сағат 14.00 кезінде болған.

"Оқиға орнына бірден Соқұлық ауданы ішкі істер бөлімінің қызметкерлері барды. Қырғызстанның қылмыстық кодексінің 130-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сот-медициналдық сараптамалар тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта полицейлер қызды зорлаған адамды іздеп жатыр.

 

Sputnik