Жолы болғыш жігіт лотереядан 451 миллион доллар ұтып алды

14 января, 12:22
0 1

Флорида штатындағы Порт-Ричи қаласының 20 жастағы тұрғыны Шейн Мисслер «Mega Millions» лотереясынан 451 миллион доллар ұтып алды деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: habergunce.com

Көрнекі фото: habergunce.com

Жас жігіт ұтыс билетін шағын дүкеннен сатып алған. Оны сатқан ритейлер де бонус ретінде 100 мың долларға ие болды.

Джекпот Америка тарихындағы ең ірі ұтыс тізімінде тоғызыншы орында тұр. Олжаға кенелген Шейн Мисслер жұмысын тастап, енді басқа қалаға қоныс аудармақ.