Ақтауда қатігездік жасаған тіс дәрігері қамауға алынды (видео)

06 ноября, 17:43
0 1

Сараптама қорытындысы бойынша, дәрігердің мүгедек балаға дене жарақатын салғаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігер сотта өз кінәсін мойындады. Бұл туралы Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы мәлім етті. Сот үкімі бойынша дәрігер үш тәулікке қамаққа алынды.

«Жаза қолдану барысында Мұхамбетовтың іс-әрекетінде ауырлататын және жеңілдететін мән- жайлар ескерілді. Дәрігер жасөспірімнің кәмелет жасқа толмағанын, емделуші баланың мүгедек екендігін біле тұра қатігездікпен іс-әрекет еткен»,-деді судья Алтай Қонысов.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын, 1 қарашада дәрігердің баланың тісін жұлу кезінде қатты жұлқылап, оған қатыгездік танытқаны, оның жұмыстан босатылғандығы хабарланған еді.