Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасында теледебат болады

14 мая, 14:22
0 1

Кезектен тыс президент сайлауының алдында кандидаттар арасында теледебат өтуі мүмкін.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына үміткерлер арасындағы теледебат тікелей эфирде өтеді. «Менің білуімше, Қазақстанда Президент сайлауына түсетін үміткерлер арасында теледебат өтеді және ол тікелей эфирде ұйымдастырылады. Қалғанын толығырақ кейін білетін боласыздар», - деді Дәурен Абаев. Қазақстан президенттігіне кандидаттар Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына жеті адам таласады:

Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;

«Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;

Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;

«Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;

«Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;

Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;

«Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.