Трамп Дүниежүзілік банкті Қытайға кредит бермеуге шақырды

08 декабря 2019, 11:20
0 1

АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік банкті Қытайға кредит бермеуге шақырды.

"Неге Дүниежүзілік банк Қытайға кредит береді? Бұл қалай болғаны? Пекинде ақша көп. Егер Қытайда ақша болмаса, олар оны жасай алады. Мұны тоқтату керек" деп жазды Трамп 6 желтоқсанда Twitter желісінде.

Дүниежүзілік банк 5 желтоқсанда Қытайға төмен пайызбен бір миллиардтан 1,5 миллиард долларға дейін кредит беру жоспарын мақұлдаған. Банк Пекинге бұл кредитті 2025 жылға дейін береді. Келісімге сай, кредит көлемі біртіндеп төмендейді.

Дүниежүзілік банк бұл кредит Қытайға жеке секторды дамытуға, нарықтық және фискальды реформа жасауға, экологияны жақсартуға көмектеседі деп санайды.

АҚШ Дүниежүзілік банктің ең ірі акционері саналады. Бірақ Вашингтон бұл ұйымға басқа елге кредит беруге вето қоя алмайды.

Трамп бұл талабын Вашингтон мен Пекин арасындағы сауда тартысы күшейіп тұрғанда жасады.

azattyq.org