Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан президенттік республика болып қала береді

04 декабря 2019, 21:36
0 1

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан президенттік басқару жүйесінде қала беретінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан жалпы демократиялық мемлекет. Мазмұны жағынан заңдарымыз да демократиялық сипатқа ие. Біздегі көптеген факт басқа мемлекеттерге қарағанда (қайсысы екенін сұрамай-ақ қойыңыз – Қ.Т) Қазақстанның демократиялық ел екенін айғақтайды. Алайда кемелдікте шек жоқ. Сол себепті, мен өз бағдарламамда, 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауымда «біз қоғамның саяси жаңғыруын жалғастыратынымызды, саяси реформалардың экономиканы дамытудың мүмкін еместігін» атап өттім. Қазақстан президенттік басқару жүйесінде, президенттік республика болып қалады», - деді Президент « Deutsche Welle « телерадиокомпаниясына берген сұхбатында.

Мемлекет басшысы тілшіге «Мықты Президент, ықпалды Парламент, халық пен Парламентке толыққанды есеп беретін Үкімет» формуласын таңдағанын атап өтті.

«Осы формулаға ынталана береріміз анық», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5-6 желтоқсан күндері Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында Deutsche Welle басылымына сұхбат бергенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мемлекеттік билігінің формуласын айтқан еді.