Тоқаев Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайы туралы айтты

04 декабря 2019, 18:41
0 1

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, Синьцзян аймағындағы этникалық қазақтарды түзеу лагерьлеріне жаппай орналастыру туралы ақпарат Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының бір бөлігі. Үкімет басшысы Қытай қазақтарына әдейілеп осындай жағдай жасалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол туралы Deutsche Welle неміс арнасына берген сұхбатында белгілі болды.

Синьзяньда ислам дінін ұстанатын ұйғыр мен қазаққа көрсетіліп отырған қысымға байланысты Қытай басшылығымен келісім болды ма деген сұраққа президент аталған ақпарат тексерісті талап ететінін және бұл жағдай әдейі ушықтырылып отырғанын айтты.

Сондай-ақ, бұл жайт "геосаясаттың бір бөлігі", Қытай мен АҚШ сауда алаңында бір-бірімен мәмілеге келе алмағандығынан болды деді.

"Келісім қалай өтеді, Қытайға қарса санкция алынып тастала ма уақыт көрсетеді. Бірақ Қазақстан антиқытайлық фронт аймағына айналмауы керек", - деді президент.

"Саяси лагерьлер туралы таралып жатқан материалдар шындыққа жанаспайды деп ойлаймын. Біріншіден, Синьзцяньда Қытай азаматтары өмір сүреді. Қазақтар саяси, концентрациялық немесе тәрбиелеу лагерьлерінде қысым көріп жатыр деп хабар тарататын құқық қорғау ұйымдарына келер болсақ, аталған фактілерді алдын-ала тексеру керек. Қандай жағдай болмасын, бұл тақырып төңірегінде қазақтарға қатысты айтылып жатқан әңгімелердің барлығы әдейі әсіреленіп таратылуда", - деді Тоқаев Deutsche Welle-ге берген сұхбатында.

Сонымен қатар, Қытай мен Қазақстан бір-бірінің ішкі мәселесіне араласпайды деген Халықаралық келісім бар екенін де атап өтті.

"Саяси лагерьлер туралы таралып жатқан материалдар шындыққа жанаспайды деп ойлаймын. Қазақтардың бірен-сараны аталған қайта тәрбиелеу мектептерінде көрініп қалып жатқан болар. Бірақ халықаралық институттар мен ұйымдар қалыптастырып жатқан теденция, яғни қазақтарды күштеп лагерьге қамап жатыр деген ақпарат әрине шындыққа жанаспайды", - деді Тоқаев.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте мемлекеттік сапармен Қытайға барып қайтқан болатын. Си Цзиньпинмен, Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен келіссөз жүргізіп қайтты.