В.Путин Қ.Тоқаевқа қандай сыйлық жасады (видео)

08 ноября, 18:59
0 1
Омбы қаласындағы ынтымақтастық форумының ресми шараларынан кейін Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттер басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин естелік ретінде бір-біріне сыйлық жасады. "Қазақстан президенті ресейлік әріптесіне ұлт ұстазы, халқымыздың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай арнайы тарту-таралғы ретінде шығарылған Мұхтар Әуезовтің "Абай жолы" романының екі томын сыйлады", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли. Ал Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәрмәр мен малахиттан жасалып, күміспен күптеліп, алтынмен апталған шахмат тарту етті. Еске сала кетейік, Қазақстан президенті Омбыда өткен өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты. Путин мен Тоқаев қандай мәселелерді талқылағанын Sputnik Қазақстан сайтынан оқыңыз.