"Жұмысы нашар": Ақтөбеге барған Сапарбаев колледждерді сынға алды

03 ноября, 14:29
0 1

Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев арнаулы орта білім беретін оқу орындарын сынады. Айтуынша, колледжде дайындалатын мамандар талапқа сай емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Вице-премьер Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте
"Өкінішке орай, колледждердің жұмысы нашар. Ешкімге керек емес мамандарды дайындаймыз. Орысша айтқанда "Мы плановом порядке пополняем армии безработных". Қандай мамандар дайындау керектігімізді белгілейміз. Дуалды білім туралы айтып келе жатқанымызға 10 жыл!
Біз колледждердің материалдық, техникалық базасы қандай екенін білеміз. Соңғы екі-үш жылда мемлекет, үкімет, жергілікті әкімдік колледждердің техникалық базасын нығайту үшін ақша бөле бастады. Ол әрі қарай жалғасады. Сіздердің міндеттеріңіз сұранысқа қарай маман дайындау. Барлық мектептердің 86 пайызында спорт зал мен акт зал бар. Салыстыру керек, мына мектепте қанша тәртіп бұзылды, сол бала спорт, өнер үйірмелеріне бара ма? Спорт, мәдени үйірмелерді көбейтуіміз керек.
Сонда ғана тәртіп дұрысталады. Қазір барлық мүмкіндікті пайдаланып, білімнің сапасын, тәрбиесін жақсартуға күш салып, жұмыс жасауға тиіспіз", - деді вице прьмер.

Білім министрін Ақтөбеге ертіп келген премьер-министрдің орынбасары ұстаздарды тәрбие мен тәртіпке көңіл бөлуге шақырды.

"Соңғы кезде тәрбиенің нашарлап кеткені мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс нашарлаған. Неге бірін-бірі өлтіріп, шашын жұлып, секіріп жатыр. Осының бәрі тәрбиенің, сана-сезімнің нашар болуынан. Осы жұмыстың бәрін қайта қалпына келпіруіміз керек. Ата-аналармен жұмыс жасамасақ болмайды. Ұстаздар мәртебесі заңында ата-ана жауапкершілігі де қаралатын болады", - деді Сапарбаев.