Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі тағайындалды

08 октября, 22:31
0 1

Айдар Өтенов Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі қызметіне келді. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айдос Үкібай желідегі парақшасында Айдар Өтеновтің ҚР Тұңғыш Президент кеңсесі басшысының 8-ші қазандағы бұйрығымен Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалғанын жазды.

Айдар Өтенов 1983 жылы 13 қыркүйекте Қарағанды қаласында туған. Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы "Континент-строй" ЖШС-де заңгер болып бастаған.