Дариға Назарбаева ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

05 октября, 14:28
0 1

 Қазақстан Парламентінің Сенат төрайымы Дариға Назарбаева қазақстандық педагогтарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөз ведомство сайтында пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сіздерді Ұстаздар күні – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл әрқайсымызға өте жақын, мейірім мен ізгілік шуағы төгілетін мереке. Өйткені ұстаз – бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты, өте қадірлі қызмет. Мұғалімнің мақсаты – білімді әрі зердесі ояу, қазіргі заманға лайық саналы ұрпақ тәрбиелеу. Біздің балаларымыздың бойына жақсы дағды мен қатар білімге деген құштарлық пен өз-өзіне сенімділікті, іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау қасиетін сіңіру бүгінгі күнде маңызды болып отыр.
Біз қазақстандық ұстаздарды шын жүректен мақтан тұтамыз. Бүгінгі мереке – бұл барлық оқушыларға, қазір оқып жатқан оқушыларға да, мектеп түлектеріне де өз ұстаздарына ризашылығын жеткізудің тамаша мүмкіндігі.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыстар тілеймін!

Оқушылар өз жеңістерімен және жетістіктерімен қуантсын!",- деді Назарбаева.

KAZ.NUR.KZ.