Қ.Тоқаев Қытайға сапары аясында баяндамаларын мемлекеттік тілде жасауда

11 сентября, 12:27
0 1

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда.Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі баяндамасын және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады», – делінген жазбада.

 24.kz