Қазақстан Президенті Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді

10 сентября, 13:10
0 1

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің 11-12 күндеріне жоспарланған Қытай халық республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында осы елдің CCTV телеарнасына сұхбат берді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өз ойымен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Соңғы онжылдықтар ішінде Қытай ғажап өзгеріс жолынан өтті. Менің көз алдымда болған Қытайдағы реформалар 20-ғасырдың соңы мен 21-ғасырдың басындағы ең керемет оқиғалардың бірі деп еш күмәнсіз айта аламын. Осыдан 40 жыл бұрын Қытай халқының басым көпшілігі кедейлікте өмір сүрді. Жалпы ел сырқы әлемнен оқшау болды. Индустрия, технология, ауыл шаруашылығы салалары бойынша озық елдерге қарағанда Қытай айтарлықтай артта қалған еді. Түбегейлі өзгерістер қажет болды. Ең алдымен ұлттық экономиканы жаңғырту керек болды. Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайта беру Қазақстан үшін өте маңызды. Біз өз тарапымыздан қазақ-қытай қатынастарының ойдағыдай дамуына айрықша назар аударамыз.

24.kz