Сапарбаев Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасын енгізудің қаншалықты мүмкін екенін айтты

06 сентября, 22:26
0 1

Вице-премьер Бердібек Сапарбаев Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасын енгізудің қаншалықты мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вице-премьердің пікірінше, мұндай жүйе Қазақстан үшін қолайлы емес, өйткені экономиканы дамыту қажет.

"Менің ойымша, бұл бізге сай келмейді. Бізге экономиканы дамыту қажет, жұмыс қолы қажет. Қазірдің өзінде жұмыс күші жетіспейді", - деді Сапарбаев.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың маусым айында ресейлік премьер Дмитрий Медведев ресми іс-шаралардың бірінде Ресейде 4 күндік жұмыс аптасын енгізу мүмкіндігі туралы мәлімдеді.

РФ Еңбек министрлігінде Медведевтің идеясын мұқият талдап, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау үшін 30 қыркүйекке дейін уақыт бар. Ең бастысы, сарапшылар бұл жаңашылдықтық экономикаға қалай әсер ететінін түсінуі керек.