Мемлекет басшысы «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды

05 сентября, 17:54
0 1

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Атырау облысына жасаған жұмыс сапарын «Жігермұнайсервис» ЖШС-нен бастады.

Президент роботты дәнекерлеу әдісін пайдалана отырып, мұнай металл құрастырылымдарын шығаратын мұнай сервисі кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Компанияның көрсететін қызметтерінің тізіміне бұрғылау және мұнай кәсіпорнының құрал-жабдықтарын дайындау, мұнай-газ кен орындарын орналастыру жұмыстары кіреді.

 akorda.kz